Жаңалықтар

7 қараша 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдерінен хат келіп түсті

 

Астана және Қазақстан Митрополиті Александр өз хатында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР жаңа Заңына сәйкес, мемлекеттік деңгейде Орыс Православие Шіркеуінің каноникалық құрылымын заңдық ресімдеу жөніндегі жұмыстар аяқталғанын атап өткен.

Митрополит Александр Қазақстан Президентінің көреген саясатының арқасында республикада конфессияаралық әлем мен діниаралық келісім ахуалы қалыптасқанына тоқталады. Соның бір дәлелі ­- Мемлекет басшысының бастамасымен түрлі өркениеттер мен мәдениеттер арасындағы бірегей үнқатысу алаңына айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Астанада өткізілуі.

«Еліміз азаматтарының рухани өміріне, атап айтқанда, Православие Шіркеуінің Қазақстандағы қызметіне көңіл бөліп отырғаныңызға алғысымды білдіре отырып, біздің республикамыздың түрлі қоғамдық өміріндегі дәстүрлі діни конфессиялармен мемлекеттің ынтымақтастығы дами түсетініне және нығая беретініне сенемін» делінген хатта.

Өз хатында «Ново-Нахичеван және Ресей Епархиясы Армян Апостолі Православие Шіркеуі Алматы қаласы «Сурб Хач» жергілікті діни бірлестігінің» настоятелі М.Саргсян Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мемлекет пен түрлі әлемдік конфессиялар арасындағы өзара сенім мен сындарлы үнқатысуды нығайта түсетінін атап өтеді.

«Бұл үнқатысуда рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияралық келісімді нығайту үшін жағдай жасап келе жатқан Сіздің рөліңіз айрықша екенін атап өтуге рұқсат етіңіз» деп жазады хат авторы.

Сонымен қатар, М.Саргсян діни бірлестіктерді қайта тіркеуде жақсы ұйымдастырылған процесс мемлекет пен діни сектор арасындағы қарым-қатынасты тағы да жоғары деңгейге көтергенін және Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформаның нәтижелігі мен тиімділігін айқын көрсетіп бергенін атап өтеді.

«Вон Буддистов» Алматы шіркеуі» діни бірлестігінің жетекшісі Л.Палагина өз хатында діни бірлестіктерді қайта тіркеу процесі мемлекет пен діннің арасындағы  мықты сындарлы үнқатысуды қалыптастыруда маңызды қадамдардың бірі болғанына тоқталады.

Л.Палагина Қазақстан осы арқылы этникалық және діни сеніміне қарамастан әр азаматтың дін тұту еркіншілігі құқығы сақталатынын көрсете отырып, мемлекет өз мәртебесін тағы да қуаттай түскенін жазады.

«Біз шын мәнінде Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен мемлекет пен түрлі діндер өкілдері арасында үйлесімді, тату және жемісті ынтымақтастықтың әлемдік үлгісі саналатынын мақтаныш ете аламыз және оған толық сенімдіміз» делінген хатта.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар