Жаңалықтар

26 қараша 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның діни бірлестіктері өкілдерінен келіп түскен хаттар легі жалғасуда

 

Өз хатында Қарағанды және Шахтинск Епископы Севастиан епархия тіркеуден өткенде және оның приходтарын қайта тіркеу кезінде байқалған ынтымақтастық пен өзара түсініктіктің жоғары деңгейін атап өтеді.

Автор дін саласы мен мемлекеттің өзара қарым-қатынастары қоғамның даму деңгейіне тікелей байланысты екеніне тоқталады. Епископ Севастиан Қазақстанда болып жатқан елеуді өзгерістер туралы айтады.

«Бұл елімізде дінаралық келісімді орнықтыруда Сіздің қандай рөл атқаратыныңызды білдіретіні шүбәсіз. Сіздің осы салада жүргізген саясатыңыз бейбітшілік пен Қазақстанның өркендеуінің кепіліне айналды» делінген хатта.

Қазақстаннның Інжілдік-Лютерандық шіркеуінің Епископы Ю.Новгородовтың еліміздің приход және лютеран қауымы атынан жолдаған хатында Қазақстанда лютерандар екі ғасырдан астам уақыт тұрып жатқаны атап өтілген.

«Осы жылдар ішінде біздер – түрлі ұлттар мен діни сенімдегі адамдар тату көрші және достар болып алдық. Ауыр жылдарда біздің діндестерімізді өздерінің бауырларындай қабылдап, қолда барын олармен бөліскен қазақ халқына деген алғысымыз жүректерде мәңгі сақталады» деп атап өтеді автор.

Ю.Новгородов дін туралы жаңа Заңға негізделген діни бірлестікті қайта тіркеуді ұйымдастыру үдерісінің нақтылығына тоқталады. Ол осы Заңды іске асырумен айналысатын мемлекеттік құрылымдардың көмегін және сыпайы, ашық, қолжетімді, сындарлы ынтымақтастығын да атап өтеді.

Автор Мемлекет басшысына қазіргі уақытта өте өзекті саналатын дінаралық және конфессияаралық диалогты құруға бағытталған күш-жігері үшін алғыс білдіреді.

Соңғы Күндер Әулиесі Иисус Христ Шіркеуінің мүшелері атынан Инна Котова, Анастасия Караваева және Елена Овчинникова Нұрсұлтан Назарбаевқа конституциялық құқық пен бостандықты дамытқаны үшін ризашылықтарын білдіреді.

Авторлар діни ұйымдардың қайта тіркеуден өткізілуі елімізде конфессияаралық келісімді нығайтуға жағымды ықпал еткенін атап өтеді.

«Мемлекет бұл заңды рәсімді бастама ретінде көтере отырып, шындығында, Қазақстан Республикасы үшін адам, оның құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылықтар болып саналатыны туралы берік конституциялық ережені іске асырғанын жақсы түсінеміз» делінген хатта.        


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар