Жаңалықтар

27 қараша 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студент жастарынан хат келді

 

Ұжымдық хатта студенттер Елбасының «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде сөйлеген сөзін зор ықыласпен тыңдағандықтарын жазады. Олар съезде қабылданған «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі стратегиясы  еліміздегі жастар саясатының одан әрі дамуына жаңа серпіліс беретінін атап өтеді. Сонымен қатар, бұл маңызды құжат кез келген азаматтың сапалы білім алуын, ғылыми әлеуетін арттыруын және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететініне сенім білдіреді.

«Қазіргі кезде ғылыми жобалар мемлекет тарапынан қаржыландырылып келеді. Бұл бүгінгі күннің басты талабы екендігі шүбәсіз. Сондықтан да Сіздің қолдауыңыздың нәтижесінде әрбір өнертапқыш қазақстандық жастың тың идеялары мен өзекті жобалары Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына үлес болып қосылады деген үміттеміз» делінген хатта.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студент жастары атынан ұжымдық хатқа Б.Дүйсебеков, Е.Сайрамбай, А.Ертас және Д.Ли қол қойған.        


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар