National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының тұрғыны Шолпан Қарабаевадан хат келіп түсті

2012 жылғы 19 қазан

 

Ш. Қарабаева Елбасына жолдаған хатында 35 жыл бойы елге қызмет еткенін, жоғары білімді, тәжірибесі мол маман екеніне қарамастан Арыс қалалық мәдениет үйінің директоры қызметінен заңсыз босатылып, күйзеліске түскенін жазады. Бұл жағдай өзіне де, отбасына да қатты әсер еткен. Себебі, ұл-қыз тәрбиелеп, немере қызығын көріп отырған шақта жұмыстан шығып қалып, уайымдауының салдарынан денсаулығы сыр бере бастаған. Дегенмен теледидардан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам, оның құқықтары мен бостандықтары. Ана мен бала әрқашан мемлекеттің қамқорлығында болады. Осыны бақылап, заңның сақталуын қадағалауды құзырлы органдарға жүктеймін», – деген сөзін естіп, өз-өзіне келеді. Сөйтіп, Мемлекет басшысының сөзінен қуат алған маман Арыс аудандық сотына арыз түсіреді.

- Менің арызымды Арыс аудандық сотының төрағасы Тасболат Машрапов қарады. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеп, екі жақтың уәжін толық тыңдап, сот отырысын бірнеше рет өткізді. Мәселенің анық-қанығына жетіп, мені бұрынғы жұмысыма қайта орналастыру туралы шешім шығарды. Сол кезде Елбасының «ана мен бала мемлекеттің қамқорлығында болады» деген сөзі есіме түсіп, қуанғаннан еріксіз көзіме жас алдым. Судьяның әділ шешімінің арқасында біздің отбасымызға бақытты күндер қайта орнады, - делінген Ш. Қарабаеваның хатында.

Хат иесі мықты електен өтіп тағайындалған судьялардың заңды басшылыққа алып, өздеріне жүктелген міндетті адал атқаратынына толық көз жеткізгенін айтады. Қиын кезде бір ауыз сөзінің өзі демеу болып, мәселенің оң шешімін табуына септігін тигізгендіктен, Елбасына деген шексіз алғысын хат арқылы жолдауды жөн көріпті. Ш. Қарабаева өзі сияқты құқығы бұзылған жандардың мәселесін әділ заңмен шешіп жүрген Арыс қалалық сотының ұжымына да алдағы уақытта табыс тілейді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің