Жаңалықтар

23 қараша 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының бас имамы Еркін Полатов пен өзге де жұртшылық өкілдерінен хат келді

 

Хатта Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясатының арқасында еліміздің экономикасы артып, халқымыздың тұрмысы мен әлеуметтік ахуалы жақсара түскені атап өтіледі. Сонымен қатар, соңғы уақытта рухани құндылықтар да назардан тыс қалған емес.   

Одан әрі хатта: «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңның жүзеге асуы нәтижесінде азаматтар зайырлы, құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқандарын сезінуде. Ауданымызда діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтіп, Тәуелсіз Қазақстанның тыныштығы мен ынтымағы жолында қызмет етуде. Көп ұлтты елімізде тұрып жатқан азаматтардың құқығы мен діни еркіндігін қамтамасыз ететін Заң көпшіліктің көңілінен шығып отыр», - делінген.          


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар