Жаңалықтар

25 қазан 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысының диқандарынан хат келді

 

Елбасына жазған хатында авторлар Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріске озық технологиялар енгізіліп,  тамшылатып суғару алқабы 20 мың гектарға жеткенін, жылыжай көлемі 500 гектарға асқанын атап өткен. Соның нәтижесінде, биыл облыс көлемінде көкөніс, жеміс-жидек бойынша – 1 миллион 75 мың тонна, ал бақшалардан 1 миллион 26 мың тонна мол өнім жинап алынған.

«Осы орайда, Қазақстанның Кеден одағына мүше болуы диқан қауымына үлкен мүмкіндік беріп отыр. Ал биылғы рекордтық өнім Оңтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл толу мерейтойына лайықты тарту болды деп есептейміз. Оңтүстік өңірі шаруаларының бұл жетістігі Елбасы Н. Назарбаев  ұстанып отырған саясаттың өміршеңдігін көрсетеді. Елдің ырыс-несібесін арттыра түсетін Президенттің бастамалары ауыл шаруашылығы саласында да сәтті жалғасын тауып жатыр» делінген хатта.

Хат соңында «Қаршыға» ФҚ төрайымы Қ. Ақтөреева, «Нұралыжол» ШҚ төрағасы Е. Ералиев, «Жамал апа» ШҚ төрайымы Ж. Жәмпиева ауылға жасап отырған қамқорлығы үшін ел Президентіне алғыс білдіреді.         


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар