Жаңалықтар

19 сәуір 2014
Мемлекет басшысының атына Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Томас Бахтан хат келді

 

Өз хатында ХОК басшысы Қазақстан Президентіне Олимпиадалық қозғалысты белсенді қолдағаны үшін алғыс айтқан.

Т. Бах Олимпиадалық ойындардың командаларға әділ бәсеке, толеранттылық және қандайда бір кемсітушіліксіз өзара құрмет рухында жарысуға мүмкіндік туғызатынын атап өткен. Осының бәрі бүкіл әлемге айқын жолдау болып саналады.

Хат соңында ХОК басшысы бейбітшілікті спорт арқылы нығайту идеясын әрі қарай жүзеге асыру ісіне Қазақстан өз үлесін қосатындығына үміт білдірген.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар