Жаңалықтар

18 желтоқсан 2016
Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Зенченконың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Геннадий Иванович Зенченконың қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдап, марқұмның отбасына көңіл айтты.

Жеделхатта ол өмірінің көп жылын ауыл шаруашылығына арнағаны және оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқаны айтылған. Г.Зенченко әрқашан тамаша адами қасиеттерімен, жоғары кәсіби деңгейімен, мол тәжірибесімен және өз ісіне деген адалдығымен ерекшеленді.

Оның ерен еңбегі «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағымен және басқа да мемлекеттік марапаттармен бағаланды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Г.Зенченконың жарқын бейнесі оны білетіндердің жүрегінде әрдайым сақталатынын атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар