National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зумаға Нельсон Манделаның қайтыс болуына байланысты жеделхат

2013 жылғы 06 желтоқсан

 

Қазақстан Президенті Оңтүстік Африка Республикасының ұлы перзенті Нельсон Манделаның қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды күйзеле отырып қабылдағанын атап өткен.

«Әлемге танымал Президент Нельсон Мандела – өзінің бүкіл өмірін кемсітушілік пен апартеидке қарсы күреске арнаған, жаңа демократиялық және зайырлы мемлекеттің құрушысы болған ержүрек күрескер. Оның өнегелі өмірі әлемнің көптеген халқын өздерінің бостандығы үшін күреске жігерлендіріп, азаматтарының жүректеріне үміт отын ұялатты. Бұл кемеңгер тұлғаның жарқын бейнесі Африка халықтарының ұлт-азаттық күресі мен тәуелсіздігінің символы ретінде адамзат тарихында мәңгі сақталатыны шүбәсіз», – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас ауыр қазаны бөлісіп, Қазақстан халқы атынан және жеке өз атынан бүкіл Оңтүстік Африка халқына қайғыларына ортақтастығын білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің