Жаңалықтар

11 желтоқсан 2013
Отто Бенеке атындағы қордың президенті Лотар-Теодор Лемпердің хаты

 

Қазақстан Президентінің атына жолдаған өз хатында Л.Лемпер Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауы – «Қазақстан – 2050» Стратегиясымен зор қызығушылықпен танысып шыққанын айтады.

Оның пікірінше, құжат Қазақстан үшін өмірлік маңызы бар жаңа сын-қатерлер мен елеулі жетістіктер үйлесім тапқан көптеген қызықты жайттарды қамтыған.

«Қазақстан бұрынғы Кеңес одағынан да, одан тысқары орналасқан басқа көп мемлекеттерден де жаңарған оптимистік рухымен ерекшеленеді. Сіздің сөзіңіз – батылдық көрініс тапқан құжаттама», – деп жазады хат иесі.

Л.Лемпер республиканың мойындалған халықаралық жетістігінің екі қайнар көзі – Қазақстан Президентінің басшылығымен шебер жүзеге асырылған саяси басшылық пен азаматтардың үлкен елдің игілігі жолында пайдаланылып отырған жан-жақты қабілеттілігі деп санайды.

«Стратегия Батыс Еуропаның тоқырауда қалып отырған көп елінен Қазақстанды жақсы жағынан ерекшелейді. Сіздің жолдауыңыз Қазақстанды экономикалық, ғылыми және әлеуметтік прогресс биігіне көтеруге деген ұмтылыспен  етене байланысты», – делінген хатта.

Хат соңында автор Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа білім беру саясаты өзін  үлкен әсерге бөлегенін атап өткен. Осыған орай Л.Лемпер перспективалық идеяларды іске асыруға өз үлесін қосуға дайын екендігін білдірген.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар