Жаңалықтар

31 мамыр 2014
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті лауазымына сайлануына байланысты Петр Порошенкоға құттықтау жеделхатын жолдады

 

Қазақстан Президенті сайлау нәтижелері өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізіп, қоғамды біріктіруге бағытталған П. Порошенконың сайлауалды бағдарламасының кеңінен қолдау тапқандығының айғағы екенін атап өткен.

Нұрсұлтан Назарбаев П.Порошенконың жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас украин халқына татулық, тұрақтылық және бақ-береке тілеген.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар