Жаңалықтар

5 желтоқсан 2009
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті.

Комиссия отырысында Қазақстан азаматтығын алғысы келетін, солардың ішінде тарихи Отанына оралған отандастарымыздың және ТМД елдері мен алыс шетелдерден келген басқа ұлт өкілдерінің құжаттары қаралды. 

Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі атап өткендей: «Бүгінгі отырыстың атаулы күн – Қазақстан тәуелсіздігінің 18 жылдығы қарсаңында өтуінің маңызы зор. Осы жылдарда Тұңғыш Президентіміз – біздің жалпыұлттық көшбасшымыз Н.Ә. Назарбаевтың аса көрнекті басшылығымен Қазақстан қатардағы кеңестік республикадан экономикасы мықты және демократиялық тұрғыдан дамушы мемлекетке айналды. Қазақстанның және оның көшбасшысының жетістіктерін халықаралық қоғамдастықтың даусыз мойындауы мен жоғары бағалауы алдағы, 2010 жылы біздің еліміздің ең беделді халықаралық ұйымға – ЕҚЫҰ төрағалық етуі болып табылады. 

Дүние жүзі түрлі елдерінің көптеген адамдарының біздің еліміздің азаматтары болуға деген талпыныстары Қазақстанның абыройы мен артуын дәлелдейді. Бүгін біз Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдірген 21 мың адамның өтініштерін қараймыз. 

Біз Қазақстанның жаңа азаматтарын қарсы алуға, жаңадан тапқан Отандарының игілігіне еңбек етуге, бақытты өмір сүруге тілектеспіз. Енді жаңа отандастарды қабылдауға және олардың әлеуметтік жағынан бейімделуіне жауапты мемлекеттік органдардың міндеті – олардың біздің қатарымызға жылдам және сәтті енуін қамтамасыз ету».


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар