Жаңалықтар

27 мамыр 2010
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті. Мәжіліске комиссия мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, уәкілетті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Комиссияның отырысы Мемлекеттік рәміздер күні мен Конституцияның 15 жылдығының қарсаңында өтіп отыр. Бұл айрықша мәні бар күндер еліміздің тарихындағы елеулі кезендерге айналғаны ақиқат. Өткен 18 жыл барысында мемлекеттік рәміздер елімізді танытудың және шетелге де тәуелсіз Қазақстанның гүлденуінің шынайы шындығын көрсетудің көрінісі», - деп мәлімдеді Қанат Саудабаев өз кіріспе сөзінде. 

Отырыс барысында Алматы қаласының, Қостанай және Қызылорда облыстары әкімдерінің, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігінің мен Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану жөніндегі жұмыс тәжірибелері жөніндегі есептері тыңдалды. 

Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану саласындағы жұмыстарда қол жеткізген әрі белгіленген жұмыстардың жетістіктеріне қарамастан кемшіліктер мен мемлекеттік рәміздерді тиісінше қалыптасқан ережеге сай пайдаланбау фактілері әлі де кездесетінін айтты. 

Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздерді насихаттау жастарға патриоттық тәрбие беруде аса маңызды рөл атқаратының назарға берілді. 

Қанат Саудабаев: «Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен сүйіспеншілік азаматтардың Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілігінің нақты көрінісі. Сондықтан, мемлекеттік рәміздерге қатысты осындай тәрбие жұмысы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының аса маңызды басымдығы болу тиіс», - деп ерекше атап көрсетті.

 

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды және мемлекеттік органдарға мемлекеттік рәміздер жөніндегі заңнама қағидаларының бұлжытпай сақталуы, сондай-ақ оларды пайдалануды бақылаудың тетіктерін жетілдіру туралы нақты тапсырмалар берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар