Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 желтоқсан 2009
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті. Оған комиссия мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, өкілетті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮ сессиясында ұлт тұтастығы біздің стратегиялық таңдауымыз болып табылатындығын нақты белгілеп берді. Ал мемлекеттік рәміздерге деген көзқарас ұлттың тұтастығының негізгі біріктіруші күшінің басты факторы болып табылады» - деді Қанат Саудабаев. 

Отырыс барысында Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану, насихаттау және қолдану жөніндегі және жұмыс тәжірибелері туралы есептері тыңдалды, сондай-ақ, Индустрия және сауда, Білім және ғылым министрліктерінің хабарламалары тыңдалды. 

Отырыс қорытындысында Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев: «Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану жұмыстарында жеткен жетістіктерге қарамастан мемлекеттік рәміздерді мекемелерде және кәсіпорындарында орынды пайдаланылмауы туралы фактілер кездеседі. Сондықтан, мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін және тиісінше күтіп ұстау ұйым басшыларының басты назарында болуы тиіс екендігін, сонымен қатар, мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмысы жастарға патриоттық тәрбие беруде қызмет етуге тиіс екендігін» - атап көрсетті. 

Комиссия мемлекеттік органдарға мемлекеттік рәміздер жөніндегі заңнама қағидаларын бұлжытпай сақтау және оларды пайдалануды бақылаудың тетіктерін жетілдіру туралы ұсыныстар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар