Жаңалықтар

5 шілде 2008
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойына арнайы келген шет елдердің басшыларымен кездесті.
big-02.jpg

Президент Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиевке, Армения Президенті Серж Саргсянға, Грузия Президенті Михаил Саакашвилиге, Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиевке, Ресей Президенті Дмитрий Медведевке, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға, Түркия Президенті Абдоллаһ Гүлге, Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке арнайы шақыруды қабыл алып, Астананың 10 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысу үшін Қазақстанға уақыт тауып келгендері үшін алғысын білдірді.


Нұрсұлтан Назарбаев 10 жыл ішінде жаңа заманауи мегаполис бой көтергенін, тұрғындарының саны үш есеге артып, 700 мың адамды құрағанын атап өтті.


Мемлекет басшысы Қазақстан ТМД-ның барлық елдерімен ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендігін мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев әріптестеріне мықты денсаулық және олардың мемлекеттеріне өркендеулер тіледі.


Сәл кешірек Ақордадағы кездесуге Иордания Королі Абдалла ІІ келіп қосылды. Осыдан кейін мәртебелі меймандар елорданың 10 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысты. Сондай-ақ Астананың жаңа көрікті жерлері – «Қазақ елі» монументімен танысып, Тәуелсіздік сарайын аралап көрді. Содан кейін шет мемлекеттердің президенттері Мемлекет басшыларының аллеясына ағаш отырғызды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар