Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

19 қыркүйек 2008
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады.

К.Мәсімов Президентті еліміздегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы, Үкіметтің осы жылдың тоғыз айында атқарған жұмысының алдын ала қорытындылары туралы, сондай-ақ құрылыс саласындағы ахуал жөнінде хабардар етті.


Сонымен қатар, Премьер-Министр астық жинау науқанының барысы жөнінде әңгімелеп берді. Бүгінгі таңда егістік алқаптардың 90 пайызынан 15,5 миллион тоннадан астам астық жиналған.


- Сыртқы дағдарысты жағдайларға қарамастан, қаржы секторындағы ахуал тұрақты қалыпта сақталуда. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкіметтің қабылдаған шешімдері оң нәтиже берді. Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты әрі Үкіметтің толық бақылауында екендігін тағы да атап өткім келеді, - деді Премьер-Министр К.Мәсімов журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар