Жаңалықтар

30 қаңтар 2008
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Бурабай» курорттық аймағын дамыту жобасы таныстырылды.

"БФ Глобал" түрік компаниясы жасаған жоба Щучье көлінің жағасында әлемдік деңгейдегі туристік-ойын-сауық кешенін құруды қарастырады.


Онда қазіргі заманғы талаптарға сай 3700 нөмірлік 9 қонақ үй салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жалпы ауданы 21 мың шаршы метрден асатын ойын-сауық және сауда орталықтары салынады. Кешенге бірнеше казино, 700-ден астам жеке меншік коттедждер мен 1620 пәтерлік 4-5 қабаттан тұратын тұрғын үйлер кіреді.


Жобаны жүзеге асыру «Бурабай» курорттық аумағын танымал жазғы және қысқы демалыс орны ретінде дамытуды көздейді. Гольф-клубтар, ат-спорт орталығы, шыңға өрмелеуге арналған учаскелер осында әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартады.


Қыста демалуды сүйетіндер үшін онда мұз айдындары, шаңғы жолбағыттары мен осы заманғы көтергіштері бар тау шаңғысы жолдары ұйымдастырылады.


Жобаны 5 кезеңге бөліп, 12 жылда жүзеге асыру жоспарланып отыр.


Президент жобаны жасаушыларға курорттық аймақтың көлік инфрақұрылымын салу қажеттігін ескертті.


Елбасы «Бурабай» курорттық аймағы Қазақстанның інжу-маржаны екендігін атап өтті. Ормандарды қолдан келгенше сақтап, шабылған ағаштардың аумағын қалпына келтіру қажет.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар