Жаңалықтар

18 мамыр 2007
Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығы баспасөз мәслихатын өткізді.
big-01.jpg

Баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының енгізуімен «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның Қазақстан Парламенті екінші оқылымда қабылдауына саяси баға берілді.


Мемлекеттік хатшы еліміздің жаңа тарихындағы осынау маңызды оқиға біздің қоғамымыздың дамуындағы жаңа кезеңді ашатынын атап өтті.


- Конституцияға енгізілген осы бір тарихи түзетулердің Қазақстанның ішкі дамуының қисынымен толық үндесетінін және тәуелсіздік жылдары ішінде елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың асқан көшбасшылығымен жүргізілген әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың қуатты іргетасына арқа сүйейтінін атап көрсету қажет. Конституцияға енгізілген түзетулерді іске асыру Қазақстанның өңірдегі саяси көшбасшылығындағы осыған дейін танылған экономикалық жетістіктерін нақтылай түседі, - деп атап көрсетті Қанат Саудабаев.


Мемлекеттік хатшы «Бүгінгі қадамымыз бұл – біздің қоғамымыздың есею көрсеткіші», деп атап өтті.


- Ол бұл өзгерістерді қабылдады. Қоғам өзінің көшбасшылығын, ерекше ойлау қабілеті мен стратегиялық көрегендігін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік қайраткердің және адамның батылдығы мен ерлігін тағы бір рет айғақтаған өзінің Тұңғыш Президентіне сенеді. Ел халқының 90 пайыз қолдауына ие болып отырған кең танымал көшбасшының, ішкі және сыртқы қысымдарды сезінбестен, өз табысының шырқау шыңында өз билігімен бөлісіп, өкілеттіктерінің бір бөлігін беруі тарихта өте сирек кездесетін мысал, - деді Қ.Саудабаев.


Депутаттардың бірауыздан қабылдаған бір адам Қазақстан Республикасы Президенттігіне екі еседен артық сайлана алмайды деген маңызды толықтыру Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қатысты емес, Қанат Саудабаевтың пікірінше Республикамыздың жоғары өкілетті органы осы арқылы халықтың ерік-жігерін паш етті.


- Осы шешім арқылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және тәуелсіз мемлекетімізді құрушыға еңбегіне лайық құрмет пен ілтипат көрсетіледі. Парламент берген мүмкіндікті пайдалану — ол оның өз құқындағы және еншісіндегі іс.


Өз тарапымнан, айтарым, ұзақ жылдар бойы осы бір адамның ерік-жігерінің, батылдығы мен кемеңгерлігінің куәсі бола жүріп, оның бүгінде де еліміз дамуының локомотиві ретінде ерекше интеллектуалды және сергек те тың келбетін сақтап келе жатқанына қуаныштымын. Егер ол өзіне берілген осындай мүмкіндікті пайдаланар болса, оның өзі біздің жас тәуелсіз мемлекетіміздің игілігіне айналмақ, - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.


Баспасөз мәслихатында пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі және оның еліміздің саяси жүйесінің дамуына ықпалы, саяси партияларды мемлекеттік қаржыландыру, Парламенттегі Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдігі және басқа да мәселелер кең түрде жария етілді.


Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев пропорционалды сайлау жүйесі Қазақстанда саяси партиялардың дамуына өте күшті серпін беретінін және өз табиғи болмысы бойынша айқындылық сипатқа ие екендігін атап өтті.


Егер мажоритарлық сайлау жүйесінде «жеңімпаз барлығына ие» қағидаты қызмет етсе, пропорционалды сайлау жүйесінде «барлық қоғамдық мәні бар саяси күштер Парламенттен орын алуы тиіс» деген қағидат өмір сүреді.


Яғни, пропорционалдық сайлау жүйесінде барлық қоғамдық саяси күштердің Парламентте орын алуына мүмкіндік туады. Сайып келгенде, қазіргі жағдайда біздің өкілетті сайлау жүйеміз халықтың қолдауына ие болған барлық саяси партиялар ел Парламенті Мәжілісінде өз депутаттарын иеленуі арқылы ықпалды болмақ, - деді М.Әшімбаев.


Саяси партияларды мемлекеттік қаржыландыру тетігіне қатысты сұраққа жауап бере келе, Мәулен Әшімбаев әңгіме саяси партияларды ішінара қаржыландыру турасында деп атап өтті.


Қазіргі уақытта саяси партияларды қаржыландырудың тікелей тәжірибесін әлемнің 53 мемлекеті пайланады. Олардың ішінде Ұлыбритания, Франция, Италия, Автралия және басқа да демократиялық жағынан дамыған мемлекеттер бар. Бүгінде әлемнің елуге жуық мемлекеті саяси партияларды жанама түрде қаржыландыруды жүзеге асыруда. Әңгіме салық және басқа да жеңілдіктер мен преференциялар, бұқаралық ақпарат құралдарына қол жетімділігі төңірегінде болып отыр.


- Саяси партияларды мемлекеттік қаржыландыру біздің партиялардың барынша тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болып отыр, және ол алдағы Парламент Мәжілісі сайлауының қорытындылары бойынша өткен партияларға ғана қатысты жүзеге асырылатын болады. Бүгінде Парламентте кең түрде талқылауға түсетін заңнамаларға өзгерістер әзірленуде, - деп атап өтті Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары.


Журналистерді сондай-ақ жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар сайлауының тетіктері қызықтырды.


Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Оңалсын Жұмабеков сайлауды әзірлеу, ұйымдастыру және өткізу тәртіптеріне қатысты мәселелер Конституциядан алынып тасталынды және «Сайлау туралы» конституциялық заңмен реттелетін болады деп атап өтті.


- Пропорционалды сайлау жүйесін тек Парламент Мәжілісі депутаттары сайлауына қатысты енгізу көзделген. Ал жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттарға қатысты айтар болсақ, бұл жерде мажоритарлық сайлау жүйесі сақталадыд, - деп атап өтті О.Жұмабеков.


Баспасөз мәслихатының стенограммасын мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар