Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 қараша 2018
Ақпараттық хабарлама

Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобаларын енгізді.

Заң жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыруға, сот жүйесін жаңғыртуға, сот кадрларын жаңартуға және Жоғары Сот Кеңесін институционалдық тұрғыдан нығайтуға бағытталған түзетулерді қамтиды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар