Жаңалықтар

17 қаңтар 2013
Бүгін Қазақстан Президенті, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Отырысты ашқан Мемлекет басшысы қазіргі уақытта «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында қажетті әкімшілік-ұйымдастыру, оның ішінде мемлекеттік қызметті жаңғырту шаралары қабылданып жатқанын атап өтті.

Отырысты ашқан Мемлекет басшысы қазіргі уақытта «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында қажетті әкімшілік-ұйымдастыру, оның ішінде мемлекеттік қызметті жаңғырту шаралары қабылданып жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан құрылған Өңірлік даму министрлігі орталықтың өкілеттігінің едәуір бөлігін иелене отырып, жергілікті басқаруға жауапты болатынын атап өтті. Партияның жарғысына сәйкес, Бақытжан Сағынтаевтың Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі болып тағайындалуына байланысты, ол партиялық қызметтен босатылды.

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Байбектің кандидатурасын ұсынды.

- Ол төрт жылға жуық өңірлік саясатқа байланысты мәселеге жетекшілік жасады. Біздің партияның барлық өңірлік филиалдарын аралап шықты, барлық әкімдер оны біледі. Ол біздің партиямызға Қазақстан жастарын тартуға ықпалын тигізеді деген үміттемін. Сонымен қатар, ол еліміз жастарының алдыңғы қатарлы отряды болып саналатын «Болашақ» стипендиясы түлектерінің қауымдастығын басқарады. Бұл біздің партияның болашағы үшін және еліміз үшін өте маңызды. Олар жастық жалын, жаңашылдық алып келуге тиіс. Сондай-ақ бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан адамдардың тәжірибесін пайдалану қажет. Жастар біздің қолдауымызға сүйене отырып, олардан үйренетін болады. Бұл оның қолынан келетініне және өзіне жүктелген міндетті жаңа деңгейге көтеретініне сенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Одан кейін партияның Саяси кеңесі Бюросы мүшелерінің келісімімен Мемлекет басшысы Б.Байбекті «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті биыл елімізде маңызды экономикалық міндеттерді шешу қажеттігін атап өтті.

- Бізге экономика өсімінің қарқынын жоғалтпау керек. Еуропалық, америкалық және жалпы алғанда, әлемдік экономика қиындықтарды бастан кешіруде. Бұл біздің экономикаға да әсер етеді, осыған байланысты біз жаңа шаралар қабылдаймыз. Бұл жайында мен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтатын боламын. Сондай-ақ «Қазақстан-2050» Стратегиясынан туындайтын жаңа міндеттер бар. Біз экономикалық өсім қарқынын қолдауға барынша назар аударуымыз қажет, ол үшін экономиканы, әсіресе инфрақұрылымды қаржыландыру керек. Жеткілікті қаржы бөлгеніне қарамастан, автомобиль жолдары құрылысы белгіленген жоспардан қалып келеді, ал онсыз біз елімізді дамыта алмаймыз. Сонымен бірге, біз инновацияны дамытумен айналысуды жалғастыратын боламыз, - деді Мемлекет басшысы.

- Осы технологияларды пайдалану біздің экономикаға айрықша жаңа сапа әкеледі. Көрме аясындағы жаңа нысандар құрылысы елордамызға өзгеше келбет дарытады.  Көрме бүкіл Қазақстанға жаңа технологиялар тарататын және әлем елдерінің назарын елімізге аударатын алаңға айналады. Осы міндеттің барлығы аса белсенді еңбекті, адамдардың ерекше қажырын талап етеді. Біз алға қойған міндеттерді орындап шығатын боламыз, - деді Қазақстан Президенті.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар