Жаңалықтар

26 сәуір 2017
Елбасы режиссер Ақан Сатаевпен кездесті
Бейбітшілік және келісім сарайы

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі режиссермен отандық киноның қазіргі ахуалы туралы әңгімелесті.

Қазақстан Президенті біртұтас ұлттың қалыптасуы, тәуелсіз республикамыздың жаңа елордасының салынуы туралы тақырыптар жаңа кинотуындылар түсіру үшін маңызды екенін атап өтті.

Елбасы тарихи сәттерді түсіруге қатысты көзқарасын білдіріп, отандық кинематографияның келешектегі дамуы туралы ойларын ортаға салды.

А.Сатаев Мемлекет басшысына өзінің кино саласындағы жұмыс жоспарлары жөнінде айтты.

Елбасы кездесу соңында режиссерге шығармашылық жетістік пен табыс тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар