Жаңалықтар

1 наурыз 2016
Мемлекет басшысы Алғыс айту күніне орайластырылған «Анаға апарар жол» тарихи драмасының алдын ала көрсетіліміне барды
Астана қаласы, «Керуен» сауда орталығы

 

Режиссер А.Сатаевтың картинасының сюжеттік желісіне фильм кейіпкерінің басына түскен сынақтардан өтуіне көмектесетін ана махаббатының күші туралы оқиға өзек болған.

Фильм 1930 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Негізгі оқиғалар қазақ халқы үшін қиын кезеңде – ұжымдастыру, жұт, соғыс жылдары және одан кейінгі кезеңде өрбиді.

Тарихи драма Қазақстанда, Беларусьте және Әзірбайжанда түсірілген. Жалпы, картина түсіріліміне 2 мыңнан астам адам қатысқан.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар