Жаңалықтар

24 қыркүйек 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратына «Нұр Отан» ХДП Төрағасының жаңа бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевты таныстырды

Қазақстан Президенті Партия Төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулинге алғыс айтты және өткен кезеңде үлкен істер атқарылғанын, атап айтқанда, елімізде екі үлкен сайлау науқаны өткізілгенін атап өтті.

- Нұрлан Нығматулин қызмет атқарған кезеңде партия барлық учаскеде қарқынды жұмыс істеді. Атап айтқанда, сайлау науқаны табысты жүргізілді. Сондықтан жұмыс қарқынын осындай деңгейде ұстап тұруды жалғастыру қажет. Бүгінде партия өңірлерде жұмыс қарқынын одан әрі күшейтіп, барлық мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға және ел азаматтарының әлеуметтік-экономикалық проблемасын шешуге атсалысуы қажет. Осыған байланысты, өңірлік мәселелерді шешуде үлкен тәжірибесі бар Бақытжан Сағынтаевтың тағайындалуы партияның барлық деңгейдегі қызметін жандандыруға ықпал етеді, - деді Мемлекет басшысы.     

Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдына бірқатар міндет қойды, сондай-ақ партия басшылығына нақты тапсырмалар берді.

Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар