Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

6 желтоқсан 2017
Мемлекет басшысы «Yildirim Holding» компаниясы басқармасының төрағасы Юксел Йылдырыммен кездесті
Астана қаласы, «ЭКСПО конгресс-орталығы»

Кездесу барысында тараптар химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларға қатысты мәселелерді және оларды іске асырудың перспективаларын талқылады.  

«Yildirim Holding» компаниясы басқармасының төрағасы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдіріп, Мемлекет басшысына Жамбыл облысында кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жоспары туралы айтты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар