Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 қараша 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті
Астана қаласы, Назарбаев орталығы

Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталғаннан кейін Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті.

Әңгімелесу барысында бүгінгі жиында көтерілген бастамаларға орай өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, ауған еліндегі қақтығыстарда тараптардың мәмілеге келу проблемасына баса мән берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар