Жаңалықтар

23 мамыр 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті
Астана қаласы

Кездесу барысында тараптар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сергей Шойгу «KADEX-2018» халықаралық көрмесінің маңыздылығына тоқталып, екі елдің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекетаралық байланыстарын нығайту үшін бұл шараның тиімділігін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар