Жаңалықтар

30 маусым 2016
Мемлекет басшысы Олимпиадалық су спорты орталығында болды

 

Қазақстан Президенті елорданың көпфункционалды мұз сарайында орналасқан жаңа орталық ғимаратын  аралап, жұмысымен танысты.

Іс-шара аясында су спорты өкілдері келушілер назарына трамплиннен суға секіру, мәнерлеп жүзу және су полосы ойынын ұсынды.

***

Әлемдік сапа стандарттарына сәйкес салынып-жабдықталған спорт ғимараты халықаралық ауқымды жарыстар өткізуге арналған және толыққанды оқу-жаттығу үдерісіне жағдай жасалғандығымен ерекшеленеді. Таяуда Олимпиадалық орталықта Қазақстан Республикасының суға секіру, мәнерлеп жүзу, су полосы және жүзу бойынша ұлттық құрама командалары дайындық өткізеді деп жоспарлануда.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Астана – Казахстан
Все события рубрики Астана – Казахстан