Жаңалықтар

1 шілде 2013
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Ballet» хореграфиялық ұжымының тұсаукесер концертін тамашалады

 

Бағдарламада әлем халықтары би өнерінің үздік дәстүрлерін, сондай-ақ әлемдік классика үлгілерін көрсететін концерттік нөмірлер ұсынылды.

Тұсаукесер концертке дайындық процесіне хореграфиялық өнер саласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандар мен ойын-сауық қойылымын ұйымдастырушы белгілі шеберлер атсалысты.

«Astana Ballet» – Қазақстанның ұлттық би өнерін әлемдік қоғамдастыққа таныта алатын имидждік жоба. Бұл ұжым А.Селезнев атындағы Алматы хореграфия училищесінің түлектерінен жасақталған.

Ұжымның басты мақсаты – әлемдік хореграфия өнерінің қазіргі заманғы үрдістеріне сай келетін, сонымен бірге ұлттық өзіндік ерекшелігі айқын жаңа репертуар қалыптастыру.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу