National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Успенск кафедралды шіркеуінде болды

2013 жылғы 05 мамыр

Қазақстан Президенті діндарларды Пасха мерекесімен құттықтап, православие әлемі үшін оның, ең алдымен, өркендеу мен жаңаруды білдіретін басты мейрамның бірі болып саналатынын атап өтті.

-  Пасха мерекесі барған сайын жаңарып, дамып және өркендеп келе жатқан біздің мемлекетіміздің нышаны да іспеттес. Қазақстанда түрлі этностар мен діни сенімдегі азаматтар тату-тәтті өмір сүруде. Сенім мен береке-бірліктің арқасында біз өзіміздің және балаларымыздың бақуатты өмірін қамтамасыз етіп, елімізді байыпты түрде дамыта аламыз. Қазақстан халқы ассамблеясының жақында өткен съезі ұлтаралық және конфессияаралық саясаттың еліміздегі барлық этнос пен діндерге қарым-қатынасындағы табыстарын тағы да көрсетіп берді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Мемлекет басшысы діннің, ең алдымен, жақыныңа, өз Отаныңа деген сүйіспеншілік екенін және бұл біздің қоғам үшін топтастырушы факторға айналып келе жатқанын атап өтті.

- Ислам мен православие біздің рухани тірегіміз болып саналады. Адамдардың руханилығы және өзара түсіністігі арқылы біз алға қарай ілгерілей беретін боламыз. Мен православие қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді серіктесі деп зор сеніммен айта аламын, - деді Қазақстан Президенті.        

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ұлтаралық келісімнің арқасында барлық әлемдік діндер лидерлері өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау үшін Қазақстанда бас қосатынын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы Пасханың тек православие сеніміндегі діндарлардың ғана емес, барша қазақстандықтардың да мерекесі екеніне тоқталды.

- Еліміздің азаматтары барлық маңызды мерекелерді бірге атап өтеді. Бүгінде Астанада мешіт және православие ғибадатханасы қатар бой көтерген. Біз өз игілігін еңбегі арқылы табатын, жұмыс істейтін адамдардың мемлекетін құрудамыз. Мемлекеттің басты миссиясы жұмыспен қамтып, әр азаматтың дамуы үшін мүмкіндіктер беруге бағытталған. Қазақстандықтар болашаққа сеніммен қарайды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті барша православие христиандарын жарқын мерекемен тағы да құттықтай келіп, денсаулық, бақыт және әр шаңыраққа игілік тіледі.        

Астана және Қазақстан митрополиті Александр өз сөзінде Мемлекет басшысына кафедралды шіркеуге келгені үшін алғысын айтып, еліміздегі православие христиандарына ұдайы көңіл бөлетіні үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол бүгінде Қазақстан бейбітшілік, келісім, этносаралық бірлік және конфессияралық игі үнқатысудың үлгісі болып табылатынын атап өтті.       


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің