Жаңалықтар

9 қыркүйек 2014
Елбасы Иран Президенті Хасан Руханимен бірге «Назарбаев Университетіне» барды

 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани университет ғимаратын аралап, оның қызметімен танысты.

Бұған қоса, Қазақстан мен Иран Президенттері студенттермен және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Сондай-ақ Х.Рухани олардың алдында қазіргі қоғамды дамытудағы ғылымның рөлі туралы дәріс оқыды.

Соңында Иран Президенті құрметті қонақтар кітабына қолтаңба жазып қалдырды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу