National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Мұз сарайына барды

2015 жылғы 08 тамыз

Кешеннің инфрақұрылымымен танысқан Мемлекет басшысы оның елордада спорт кластерін дамыту және қысқы спорт түрлерін ілгерілету үшін маңызды екенін атап өтті.


Бүгін біз тағы бір маңызды әлеуметтік нысанның іске қосылуының куәсі болдық. Оны шынымен де Мұз сарайы деуге болады, өйткені онда 12 мың көрерменге есептелген әлемдік деңгейдегі арена, Хоккей академиясы, Олимпиадалық бассейн бар.  Бұл стадион біздің спортшыларымызды жаңа жеңістерге жігерлендіретініне, осы бір ғажайып спорт түрінің жанкүйерлерін қуантып, бірегей жарыстар өткізетінімізге сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев нысанды аралап көргеннен кейінгі брифинг барысында.

 

Қазақстан Президенті өңірлік және халықаралық турнирлер, концерттер мен өзге де шаралар өткізу қызметі есебінен кешеннің өзін өзі ақтауына қол жеткізу қажеттігін, бұл әлемдік тәжірибеге сай екенін атап өтті. Жалпы алаңы 86 мың шаршы метр Мұз сарайы – хоккей корты, жүзу бассейні және Хоккей академиясының ғимараты бар көпфункционалды кешен.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің