Жаңалықтар

29 тамыз 2016
Елбасы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Леонид Млечинмен кездесті
Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы

Кездесу барысында заманауи әдебиеттің ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ қоғамдық дамудың өзекті мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы жазушының және барша әдебиет өкілдерінің оқырманды мәдени әрі рухани байыту жолында сіңірген елеулі еңбегіне назар аударып, жұмысына жаңа табыс тіледі.

Л.Млечин өзінің соңғы туындылары мен алдағы шығармашылық жоспарлары туралы айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу