Жаңалықтар

10 қыркүйек 2017
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті
Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Президентіне Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

– Жоғары деңгейдегі кездесулеріміз тұрақты сипатқа ие болып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқанын білдіреді. Қазақстан көп бейнет көрген бауырлас ауған халқына тұрақтылық тілейді, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мүмкіндігіне қарай Ауғанстанға көмек көрсетіп келе жатқанын айтты.

– Атап айтқанда, біз жастарға білім беру, гуманитарлық көмек көрсету салаларында қолдау жасауды жалғастырамыз, – деді Қазақстан Президенті.

Ауғанстан Президенті Саммитке қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдірді.

– Сізді «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін және Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитін табысты өткізуіңізбен құттықтаймын, – деді М.Ғани.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу