Жаңалықтар

10 қыркүйек 2017
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті
Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің Қазақстанға алғаш рет сапармен келіп отырғанын атап өтті.

– Сіздің Қазақстан жеріне келгеніңізге қуаныштымын. Бүгінгі саммитке қатысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Еліңізде болып жатқан оқиғалар жөнінде білеміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Николас Мадуро Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға келіп, Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ Венесуэла Президенті бұл кездесу екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға негіз болатынына сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу