Жаңалықтар

19 қыркүйек 2012
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы IX форумының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына арнап бірлескен брифинг өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путин мен ресейлік делегацияға Форумға қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путин мен ресейлік делегацияға Форумға қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

- Біз республикамыздың ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі – Павлодар қаласында осы форумды өткіздік. Бұл облыс орталығын таңдауымыз кездейсоқтық емес. Ресейдің өңірлерімен өзара іс-қимыл жасауда Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 70 пайызды құрайды, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Мысалы, 2011 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 30 пайызға артып, 23 миллиард долларға жетті. Бұл көрсеткіш 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында 11 миллиард долларға артты.

- Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында қарқынды нығайып келеді. Бүгінде біздің кәсіпорындардың белсенді өзара іс-қимылы үшін көптеген кедергілер жойылуда, бұдан бұрын бұзылған технологиялық және өндірістік тізбегі қалпына келтірілуде. Қол жеткізілген келісімдер біздің елдердің арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға және одан әрі нығайтуға жұмыс істейтініне сенемін, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз сөзінде Владимир Путин Қазақстан мен Ресей үшін биылғы жыл маңызды болып табылатынына тоқталды.

- Биыл біз елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толғанын атап өтудеміз. Осы жылдарда біз стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында екіжақты қарым-қатынастардың берік іргетасын қаладық. Шарттық-құқықтық база құрылды және ұдайы жетілдірілуде, барлық деңгейде саяси байланыс орнатылды және дамуда. Екіжақты серіктестіктің маңызды бағыты - инновациялық ынтымақтастық. Бұл біздің стратегиялық бағытымыз. Егер біз осындай жобаларды іске асыру үшін біріксек, онда жұмысымыз анағұрлым тиімді болмақ. Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік осыған бағытталған. Таяуда Владивостокта өткен АТЭҚ форумында Ресейдің Тынықмұхиты өңірі бойынша барлық серіктестіктері Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістігіне айрықша назар аударғанын ерекше атап өткім келеді. Іс жүзінде барлық екіжақты кездесуде біздің серіктестіктеріміз осынау ықпалдастық бірлестіктермен тікелей байланыс орнатуға ықылас білдіріп отыр. Бұл келешегі бар жұмыс. Біз мұндай ынтымақтастықты одан әрі жетілдіретін боламыз, - деді Владимир Путин.

Форумның қорытындысы бойынша мемлекетаралық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Олардың қатарында - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі арасындағы киіктің Еділ-Жайық үйірін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Келiсiм, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей  Федерациясының  Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге Хаттама бар.

Сондай-ақ, Форум аясында 20-ға жуық коммерциялық келісімге қол қойылды.

Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының X форумы 2013 жылы Екатеринбургте өтеді.       

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу