Жаңалықтар

10 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Индонезия Республикасының вице-президенті Юсуф Калламен кездесті
Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті Индонезия вице-президентіне саммитке қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

– Бәріміз үшін бұл саммиттің маңызы зор. Индонезия Қазақстанның маңызды серіктесі болғандықтан, сіздермен одан әрі тығыз ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз. Елдеріміз арасында нақты уағдаластықтар бар және осы бағытта мақсатты түрде жұмыс жүргізу қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Индонезия вице-президенті Қазақстан Президентіне жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.

– Бізде экономиканың түрлі саласында өзара іс-қимыл жасау үшін зор әлеует бар. Бүгінгі іс-шара келешекте жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға тың серпін беретін болады, – деді Ю.Калла.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу