Жаңалықтар

1 мамыр 2014
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған іс-шараға қатысты

Елордадағы мереке «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде Халықтың бірлігі күні еліміздің аса маңызды мейрамдарының бірі екенін айтты.

 

Елордадағы мереке «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде Халықтың бірлігі күні еліміздің аса маңызды мейрамдарының бірі екенін айтты.

– «Бірлік» сөзінің мағынасы терең. Бірлігі болса ғана отбасы берік болады. Егер кәсіпорында бірлік болмаса, ол өркендемейді, ал мемлекетте бірлік болмаса, ол күйрейді. Сондықтан бірлік – біздің мемлекеттігіміздің өзегі. Қазақстанда түрлі этнос өкілдері өмір сүреді, олардың бірлігі, бауырластығы – тыныштықтың негізі. Адамдар алаңсыз, татулық пен келісімде өмір сүрсе – нағыз бақыт осы. Жеке дара бақытты болу мүмкін емес, бақ-береке елдің жалпы жағдайына байланысты. Сондықтан Қазақстандағы бірлік пен келісімді бағалай біліп, балаларымызға мұра етуіміз керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті біздің елде біріктіруші күштің тағы біріне айналып отырған Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы қалыптасып келе жатқанын еске салды.

– Егер адам қолмен жұмыс істесе, ол – еңбеккер,  қолмен және баспен жұмыс істесе, онда ол – шебер. Ал егер қолмен, баспен және жүрекпен істесе, ол – суреткер. Еңбекпен жеткеннің барлығы бақыт пен береке әкеледі. Біз бірге еңбек етіп, елімізді дамытып, өмірімізді жақсартудамыз. Осының арқасында балаларымыз болашаққа зор сеніммен қарайды,– деді Мемлекет басшысы.

Мерекелік іс-шаралар аясындағы концерттік бағдарламаға түрлі шығармашылық ұжымдардан 700-ден астам әртіс қатысты. Алаң аумағында Қазақстан халқы ассамблеясының Астана қаласындағы этно-мәдени орталықтарының ұлттық нышандағы үйлері орнатылып,  этностардың тұрмыс салты мен мәдениеті көрсетілді.

 

 

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу