Жаңалықтар

15 қазан 2018
Елбасы «ACE Tennis Center» теннис орталығына барды
Ақтөбе қаласы

Қазақстан Президенті мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында салынған спорт кешенінің жұмысымен танысып, өңірлерде осындай спорт инфрақұрылымдарының ашылуы салауатты өмір салтын насихаттауға және елімізде теннистің даму деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев жас спортшылармен әңгімелесіп, теннис добына естелік қолтаңба қалдырды, сондай-ақ осы орталықтың қонақ үй кешені мен басқа да орындарын аралап көрді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу