Жаңалықтар

30 сәуір 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барды
Алматы қаласы

Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың зияткерлік орталығы болып қайта құрылған Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының жұмысымен танысты. «Оpen space» форматы бойынша жұмыс істейтін бұл мекемеде электронды ресурстармен, кітап және мерзімді басылымдармен жұмыс істеу, фильмдер көрсету, таныстырылымдар, тренингтер және конференциялар өткізу қызметі қамтылған. Орталық кітап қоры 1,8 миллион данадан асатын қаланың бірыңғай кітапханалар жүйесіне кіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен еріктілер қозғалысының өкілдеріне өзінің өмірі мен еңбек жолы туралы әңгімеледі.

– БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеген кезімде волонтерлік жұмысқа көп көңіл бөлдім. Біз көптеген елдердің еріктілерін жинап форумдар ұйымдастырдық. Қазақстан Парламентінде істегенде волонтерлік туралы заң қабылдадық. Мемлекет тарапынан бұл қозғалысқа қолдау көрсетіп, дамыту үшін барлық жағдай жасалуда, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жақын арада елімізде еріктілердің үлкен форумын өткізу жоспарланып отырғанын айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу