Жаңалықтар

14 шілде 2017
Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» саябағына барды
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

Елбасы Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында құрылыстың заманауи талаптарына сай салынған «Нұрлы жол» саябағында болды. Аумағы 5 гектар болатын саябақтың ортасында Қазақстан халқының бірлігіне арналған монумент бой көтерген.   

Қазақстан Президенті облыс аумағында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының нәтижелері қойылған археологиялық көрмені аралап көрді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысты.

Соңында Елбасы өңірдегі этномәдени бірлестіктер және жұртшылық өкілдерімен әңгімелесіп, олар Мемлекет басшысына облысқа ұдайы көрсетіп отырған қамқорлығы үшін алғыс айтты. 

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу