Жаңалықтар

18 қыркүйек 2016
Нұрсұлтан Назарбаев таудағы «Медеу» спорт кешеніне барды
Алматы қаласы

Қазақстан Президенті «Медеу» мұз айдынының және «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының жөнделу барысымен, сондай-ақ алдағы қысқы Универсиада аясындағы жарысты ұйымдастыру жұмыстарымен танысты.

Қала әкімі Мемлекет басшысына мұз айдыны мен тау шаңғысы курортының кешенді жаңғыртылу үдерісі мен нәтижелері, сондай-ақ олардың болашақта пайдаланылу перспективалары туралы баяндады.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қаласы мен Алматы облысының туристік кластерін одан әрі дамыту жөнінде мәлімделді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу