National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті «ҚазУпакТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды

2017 жылғы 18 қыркүйек

Елбасы кәсіпорында гипс пен гипс-картон жасау технологиясымен танысты. «КазУпакТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі қызметі – құрылыс материалдарын шығару. Оның жобалық қуаттылығы жылына 150 мың тонна өнімді құрайды. Кәсіпорын 50 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының өңірдегі орындалу барысы туралы  мәлімделді. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне 557 миллиард теңгені құрайтын 30-дан астам жобаның жүзеге асырылуы жоспарланып отырғаны жөнінде баяндалды. Осыған орай, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Елбасы түрлі мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде Жамбыл облысы қуатты индустриялық өңірге және еліміздің химия өнеркәсібінің орталығына айналуға тиіс екенін атап өтті.

Соңында Елбасы «ҚазУпакТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларымен және басшылығымен әңгімелесіп, еңбектеріне табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің