Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 ақпан 2013
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Иран Ислам Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалилиді қабылдады

Кездесу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше бес мемлекеттің, Германия мен Иранның өкілдерінің қатысуымен Алматыда өтетін ирандық ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды қарсаңында өтті.

Кездесу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше бес мемлекеттің, Германия мен Иранның өкілдерінің қатысуымен Алматыда өтетін ирандық ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды қарсаңында өтті.

Кездесуде Мемлекет басшысы ядролық сынақтардың барлық ауыртпалығын өз басынан өткерген Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселелерінде айтарлықтай маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев еліміз келіссөздер процесіне қатысушыларға алаң ұсына отырып, оның қорытындысы бойынша мәмілеге қол жеткізіледі және келіспеушіліктерді реттеуде елеулі ілгерілеу болады деп үміттенетінін атап көрсетті.

Өз кезегінде С.Джалили Қазақстан Президентіне Алматыда келіссөздердің кезекті раундын өткізуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты және олардың сындарлы нәтижемен аяқталатынына үмітін білдірді.

Алматының ирандық ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды өтетін орын ретінде таңдалуына Қазақстанның бұл мәселе бойынша бейтарап ұстанымды сақтайтыны ықпал етіп отыр. Бұған қоса, біздің республикамыз атом қаруын таратпау жөніндегі жаһандық қозғалыстың мойындалған көшбасшысы болып табылады және ядролық қарудан ада әлем құру жөнінде бірқатар бастама көтеріп келеді.      

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары