Жаңалықтар

10 тамыз 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласының әуежайын қайта құрылымдау барысымен танысты

 

Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаров Қазақстан Президентіне қала әуежайын қайта құрылымдау жөніндегі жұмыс барысы туралы баяндады.

Қазіргі уақытта нысанға жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Оның барысында аэровокзалға, ұшу-қону алаңына, жылу және энергетикалық қамтамасыз ету жүйесіне жөндеу жасалады, сондай-ақ жарықпен ескерту жабдықтары жаңартылады.

Қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін әуежай әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдау мен ұшыруды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары