Жаңалықтар

4 маусым 2013
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Қазақстан Республикасындағы орыс православ шіркеуінің митрополиттік округының басшысы – Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады

Кездесу барысында Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық мәселелері, діни бірлестіктердің татулық пен келісімді сақтаудағы рөлі талқыланды.

Әсіресе Қазақстанда митрополиттік округтың құрылуының алдағы 10 жылдығын орыс православ шіркеуінің мерекелеуі мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кездесудің қорытындысында Астана және Қазақстан митрополиті Александр бұл оқиғаның елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезі өткізілуінің 10 жылдығымен тұстас келетініне тоқталып өтті.

«Біздің топырағымызда руханилылықтың тірегі екеу – дәстүрлі ислам және православ христиандығы. Президентіміз халықтың татулықта, өзара ізгі адами түсіністік пен келісімде өмір сүруі үшін осыған арқа сүйейді», – деді Астана және Қазақстан митрополиті Александр.

Сонымен қатар, ол Қазақстанның бүгінде Мемлекет басшысы жүргізіп келе жатқан саясат арқасында жарасымды даму мен қоғамдық келісімнің өнегелі үлгісі болып отырғанын атап өтті. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары