Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

18 қыркүйек 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде әртүрлі салаларда еңбек ету үшін қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде әртүрлі салаларда еңбек ету үшін қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

- Адамның әл-ауқаты мен бақытының негізі – еңбек. Ауылда жұмыс жасаймын деген адамға шағын несие беріледі. Сонымен қатар, жаңадан мамандық алып, жұмысқа орналасу үшін қалаға келуге де мүмкіндіктер бар. Индустрияландыру бағдарламасы аясында әртүрлі маңызды нысандар салынуда. Бүгінде елімізде білікті мамандар ресурсына қажеттілік бар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы облыстың жан-жақты дамуына мемлекет қажетінше назар аударып отырғанына тоқталды.

- Ауыл шаруашылығын дамыту үшін жыл сайын субсидия бөлінеді. Тек өткен жылы ғана облыс 8 миллиард теңге, 900 бірлік заманауи техника алды. Өңірде фермалар, зауыттар салынуда. Облыс пен күллі еліміз қарқынды дамып келеді. Жиырма жыл ішінде біз қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өттік. Халықтың әл-ауқаты едәуір жақсарды. Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Ана мен бала өлімі азаюда. Мектептер, ауруханалар, балабақшалар салынуда, қолжетімді үй пайдалануға берілуде. Бұл мемлекеттің саясаты, ең алдымен, ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын білдіреді, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Ресеймен екіжақты қарым-қатынастарды нығайта түскенін атап көрсетті.

- Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік қызмет жасауда.  Жақын орналасқан Ресейдің облыстарымен сауда белсенді жүргізілуде. Кедендік шекара ашық. Ресейдің орасан нарығының мүмкіндігін пайдалану қажет. Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы базалық шартқа 20 жыл толды. Бүгінде мыңдаған қазақ-ресей бірлескен кәсіпорны құрылды, - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда, өңірдің жұртшылық өкілдері облысты дамыту мәселесіне назар аударып отырғаны үшін зор ризашылықтарын білдірді.

Кездесу қайта құрылымдау жұмысы жүргізілген Петропавл қаласының вокзалы маңында өтті. Оны абаттандыру жобасының аясында қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш орнатылған. Сонымен қатар, алаңда 2 субұрқақ, гүл және гүлзар бар. Жобаның сметалық құны - 150 миллион теңге.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында «Аквапарк» спорт-сауықтыру кешенінде болды. Кешеннің жалпы көлемі – 8 мың шаршы метр, мың адамға арналған. Аквапарктың аумағында фитнес-клуб, спортзал, дәрігерлік бөлме, су аттракциондары және су массажы қондырғылары орналастырылған.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары