National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы Тараз химия-технология колледжінде болды

2015 жылғы 27 наурыз

 

Қазақстан Президенті онда өңірдегі білім беру саласын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы колледждің оқытушылар құрамымен және студенттерімен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев технологиялар мен өңдеуші салалар есебінен дамып келе жатқан Еуропа мен Азияның жетекші мемлекеттері үлгісімен елімізде баламалы экономика құрудың маңыздылығын атап өтті.

– Индустрияландыру бағдарламасын орындаудың алғашқы бес жылында 770-тей кәсіпорын салынды, тек осы жылдың өзінде 75 нысан іске қосылды. Инновациялық технологияларды дамытуға арнайы көңіл бөлінетін болады. Осы колледж базасында қуатты техникалық кластер дамып келеді. Елімізге кен өндіру кәсіпорындарында да, өңдеу кәсіпорындарында да жұмыс істей алатын химик-инженерлер, білікті мамандар керек. Қажетті мамандыққа ие болған түлектер Қазақстанның барлық жерінде жұмыс істей алады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Колледжде 12 мамандық бойынша кадрлар даярланады. Сондай-ақ мұнда химия өндірісі саласында ашылып жатқан өндірістер үшін қызметкерлерді қайта даярлықтан өткізу және біліктіліктерін арттыру ісі жүзеге асырылады. Оқу орны 600 адамға лайықталған, заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Колледж инфрақұрылымы оқу шеберханаларын, зертхана бөлмелерін, компьютер сыныптарын, мультимедия және  лингафон кабинеттерін, компьютер залы бар кітапхананы, 200 орынға арналған жатақхананы қамтиды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің