Жаңалықтар

22 мамыр 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жекпе-жек» сарайына барды
Ақтөбе қаласы

Мемлекет басшысы гимнастикаға және басқа да жаттығуларға арналған залдарды аралап көрді. Бұл кешенде бокс, күрес, дзюдо және жекпе-жек спортының өзге де түрлерінен халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақша күрестен жастар арасында өтіп жатқан өңірлік командалық турнирге қатысушылардың белдесулерін тамашалады.

Қазақстан Президенті танымал спортшылармен әңгімелесіп, оларға жетістіктері үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттің  спортқа әрдайым жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары