Жаңалықтар

3 сәуір 2017
Қазақстан Президенті «Спортклуб Маңғыстау-Арена» көпфункционалды спорт кешеніне барды
Ақтау қаласы

Іс-шара барысында Елбасы спорт нысанының жұмысымен танысып, күрес залын және көпфункционалды залды аралап көрді.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы спорт саласының өкілдерімен әңгімелесті. Олардың арасында қысқа қашықтыққа жүгіруден КСРО-ның бірнеше дүркін жеңімпазы, рекордшы Ә.Тұяқов, бокстан әлем чемпионаттарының және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ә.Ниязымбетов, сондай-ақ танымал спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері бар.

Спортшылар жан-жақты қолдауы мен қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.

***

Кешен демеушілердің қаражатына салынған. Онда футбол, баскетбол, волейболмен шұғылдануға, сондай-ақ жекпе-жек сайысымен және жеңіл атлетикамен айналысуға арналған залдар бар.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары