Жаңалықтар

23 қазан 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің балық шаруашылығы ғылыми зертханасында болды

 

Мемлекет басшысы қара уылдырық және тауарлы бекіре өндіру бағытындағы бекіре тұқымдас балықтарды тұйық суда өсіретін ғылыми-технологиялық өнеркәсіптік аквакешенмен танысты.

Ғылыми зертхана қызметі технологияларды жетілдіру және жаңа технологиялық шешімдер негізінде индустриялық аквамәдениетті әзірлеу мен игеру аясында жүзеге асырылуда. 

Зертхананың жобалық қуаты – жылына 8 тонна қара уылдырық және 86 тонна бекіре өндіру.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары